Сирия мен Израиль атысты тоқтату туралы ресми келісімге келді

1934
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tFJpZBQqiLsuiSmBAh3TV5vjIcsYV8BDkpi76i6o.avif

Сирия мен Израиль атысты тоқтату жөнінде ресми келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл маңызды шешімге Америка Құрама Штаттарының делдалдығымен және Түркия мен Иорданияның араағайындығымен қол жеткізілгені хабарланды.

АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Том Барак X әлеуметтік желісінде бұл келісім Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Сирия президенті Ахмед аш-Шараа арасында жасалғанын жазды. Оның айтуынша, келісімді Вашингтонмен қатар Анкара, Амман және басқа да аймақ елдері қолдап отыр.

Қақтығыстың басы 13 шілдеде друздар мен бедуиндер арасында орын алған жанжалдан басталған. Саудагер-друздың ұрланып, соққыға жығылуы салдарынан Сирия үкіметі Эс-Сувейда қаласына әскер кіргізген. Бұған жауап ретінде Израиль Дамасктегі сириялық нысандарға әуеден соққы жасаған. Израиль бұл әрекетін өз еліндегі друздар қауымына қолдау көрсету деп түсіндірді.

17 шілдеде Сирия билігі мен Израиль өкілдері арасында уақытша бітім орнап, одан кейінгі келіссөздер нәтижесінде атысты тоқтату жөнінде ресми келісім жасалды.

Келісім шарттарына сәйкес, тараптар қарулы шабуылдарды доғаруға міндеттеледі. 

Comments