Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль отставкаға кетті. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
14 шілдеде президент Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға Шмыгальді Украинаның қорғаныс министрі етіп тағайындауды ұсынған. Ал премьер-министр лауазымына Юлия Свириденконың кандидадурасын ұсынған.
Денис Шмыгаль 2020 жылдан бері премьер-министр болып қызмет атқарды. Ал Юлия Свириденко вице-премьер болып 2021 жылы тағайындалған. Бұған дейін ол президент офисі басшысының орынбасары болған.
Украинаның қорғаныс министрі лауазымын 2023 жылдан бері Рустем Умеров атқарған. Ол Украинаның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалуы мүмкін.
Related news
People of Kazakhstan: We are against the construction of a nuclear power station by Uzbekistan on the border
Free education will be paid by the war. It was said that in Russia, students going to the war study for free