Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында сирек кездесетін жануар байқалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.
Бейнеу тұрғындары түсірген бейнежазба 2 шілдеде әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Онда Қазақстанның Қызыл кітабына енген, жойылып бара жатқан күзен тұқымдас жануар байқалған.
Мамандардың айтуынша, шұбар күзеннің ұзындығы 29-38 см, құйрығы 15-22 см, салмағы 370-730 грамм болады. Бұл жануар әдетте кешкі және түнгі уақытта белсенді, ал күндіз індерінде демалады.
Эколог Әділбек Қозыбақовтың мәліметінше, шұбар күзен Маңғыстау өңірінде өте сирек кездеседі.
«Шұбар күзен экономикалық пайда әкелмейді. Бірақ бұл жануардың қорғаныс құралы өте ерекше – қауіп төнгенде скунс сияқты жағымсыз иіс шығарып, жауларын үркітеді», – деді Қозыбақов.
"When people struggle with water". Ex.com. of Atyrau region made a statement regarding the employee who inspected the vehicle
A state that lived for two months and four days. Today is the day of establishment of Turkestan Mukhtariat