Екатеринбургте Әзербайжан диаспорасының жетекшісі Шахин Шихлинский ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға Baku Plaza сауда орталығының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, арнайы жасақ өкілдері Шихлинский мінген «Гелендваген» көлігінің терезесін сындырған.
Көлікті тізгіндеген оның ұлы «Әзербайжан-Орал» ұйымының төраға орынбасары Мутвалы Шихлинский қуғыннан қашуға тырысқаны туралы ақпарат тарады. Ол көлікті шегіндірген кезде арнайы қызмет өкілдерінің бірін қағып кеткен. FSB қызметкері бас жарақатын алғаны хабарланды.
Мутвалы Шихлинскийдің айтуынша, оларды қарумен қорқытып, жерде жатқызғаннан кейін автозакқа тиеген. Артынша өзін босатқанымен, әкесін тергеуге алып кеткен. Бірнеше сағаттан кейін Шахин Шихлинскийдің де босатылғаны белгілі болды.
Айта кетейік, Екатеринбургте 27 маусымда әзірбайжандық қылмыстық топтарға қарсы рейд басталып, алты адам ұсталған еді.
"The operation was carried out for more than half a year." The NSC brought a 7-year-old girl from Syria to the country