Апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағына оқ ату туралы бұйрық берген Ресей капитаны Дмитрий Паладичуктың түсіндірме хаты жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Minval басылымы жариялаған.
БАҚ-та тараған ақпаратқа сай, “анонимді дереккөзден” сенсациялық материалдар келіп түскен. Оның ішінде капитанның түсіндірме хаты, сондай-ақ ұшаққа жасалған соққы сәтіндегі бейне және аудиожазбалар болған.
Түсіндірме хатта нақты Embraer 190 ұшағы аталмаған. Құжатта тұман салдарынан көзге көрінбеген “ықтимал нысана” туралы айтылған. Капитан Паладичук бұл нысан туралы 51-дивизияның әскери басқару пунктіне хабарлап, оның биіктігі мен жылдамдығын жеткізген. Телефон арқылы “нысанды жою” бұйрығын алғаннан кейін, операторға оқ ату туралы пәрмен берген. Бірінші зымыран нысанаға тимеген соң, екінші рет оқ атуға бұйрық берген.
The Insider басылымының дерегінше, Дмитрий Паладичук Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінде, соның ішінде Новосібірдегі 14-армияда қызмет еткен. Паладичук телефон арқылы сөйлескенде түсіндірме хаттың түпнұсқа екенін растаған. Сондай-ақ, хаттағы өзіне тән жазу стилін, әсіресе “ё” әрпін ерекше жазу мәнерін мойындаған. Әзербайжан БАҚ-тары жариялаған видеодағы дауыс та Паладичуктің даусымен сәйкес келген.
Еске салсақ, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға бағыт алған Embraer 190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Бортта 67 адам болған. Тергеу нәтижесі ұшақтың “сырттан енген объектілерден” зақымданғанын анықтады.
“The President is keeping the situation under control.” Akorda issued a statement about Ukraine during the night
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts