Әзербайжанда Ресей мекемелері ұйымдастырған барлық мәдени іс-шара тоқтатылды. Бұл туралы елдің мәдениет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұл шешімнің қабылдануына Екатеринбург қаласында ресейлік құқық қорғау органдарының «әзербайжан ұлты өкілдеріне қарсы мақсатты түрде жасаған әрекеттері» түрткі болған. Министрлік мұндай оқиғалардың соңғы уақытта жүйелі сипатқа ие бола бастағанын да атап өтті.
«Ресейдің мемлекеттік және жекеменшік ұйымдары ұйымдастырған барлық мәдени іс-шара, атап айтсақ, концерттер, фестивальдер, спектакльдер, көрмелер мен өзге де мәдени бағдарламаларды өткізу тоқтатылатынын хабарлаймыз»,—деп жазды министрлік X әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, 27 маусым күні Ресей құқық органдары Екатеринбургте әзербайжан тумалары тұратын бірнеше пәтерге рейд ұйымдастырған еді. Нәтижесінде екі азамат қаза тауып, бірнеше адам ауыр жараланып, тоғыз адам тұтқындалған.
Әзербайжандағы орыс қауымдастығы Ресей тарапының іс-әрекетін айыптап, Екатеринбургте болған оқиғаны объективті түрде тергеу керектігін мәлімдеді. Сондай-ақ жекелеген билік өкілдерінің жауапсыз әрекеттері салдарынан одақтастық әрі достық байланысы бар мемлекеттер арасындағы қатынастарға зиян келіп жатқаны алаңдатарлық жайт екенін атап өтті.
«25 желтоқсанда Баку-Грозный бағытымен ұшқан ұшақ апатқа ұшарады. Сол уақыттан бері Ресейдің ресми құрылымдарынан кешірім де, түсініктеме де берілген жоқ. Мұндай үнсіздік достас мемлекеттің азаматтарының өмірі мен абыройына деген немқұрайлы көзқарас ретінде қабылданады», – деп қосты қауымдастық.
29 маусымда Ресей вице-премьерінің Әзербайжанға сапары тоқтатылғаны белгілі болды.
“The President is keeping the situation under control.” Akorda issued a statement about Ukraine during the night