Бұрынғы министр жаңа қызметке тағайындалды

1503
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nBawP06sHua6EIfw5q1EcjWyJgZTzoKZ0RAEcXHJ.webp

Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болды. Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, 8 маусымда Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі

лауазымынан босатылғын еді. Кейін кейбір БАҚ-та оның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат тарады. Алайда Жақсылықов бұл ақпаратты жоққа шығарып, өзінің демалыста екенін жеткізген болатын. Ал бірнеше күннен соң экс-министр қамауға алынды деп жалған ақпарат таратқандарға қатысты іс қозғалғаны белгілі болды. 

Comments