«Басын еденге ұрған». Мәскеу әуежайында балаға шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды

1215
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/J7qctYUfYyWplE5iuqb4NZWz3CdNYloTnVYiiG8F.jpg

Мәскеудегі Шереметьево халықаралық әуежайында екі жастағы бала ауыр жарақат алды. Әуежайда күтпеген жерден Мысырдан ұшып келген 31 жастағы Беларусь азаматы баланы көтеріп алып, басымен еденге ұрған. Бұл туралы «Рен ТВ» жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға кешкі уақытта орын алған. Баланың отбасымен бірге Кабулдан ұшып келгені белгілі.

Қазіргі таңда зардап шеккен бала Мәскеудегі Рошаль атындағы Балалар медициналық орталығында жатыр. Орталықтың бас дәрігері Татьяна Шаповаленконың айтуынша, баланың жағдайы ауыр, ол медикаментозды ұйқыда және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.

Шабуыл жасаған ер адам оқиға орнында ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Медициналық сараптама нәтижесінде оның қанынан есірткі заттарының ізі табылған. Қазіргі уақытта оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып, көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Құқық қорғау органдары істі жіті бақылауда ұстап отыр.

Comments