Бұрынғы судья Қарлығаш Таткееваға іздеу жарияланды

1211
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MeFfBWpF1S9wA1qcrqjDiYbxAeSnaZwx9JPYHXSN.webp

Бұрынғы судья Қарлығаш Таткееваға іздеу жарияланды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталында жарияланған іздеу парағында көрсетілген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін Таткеева бірнеше сот инстанцияларында судья қызметін атқарған болатын. Атап айтқанда, ол Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы, сондай-ақ Астана қаласының сотында жұмыс істеген.

Әзірге экс-судьяға іздеу жариялану себебі ресми түрде нақтыланбай отыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда экс-судья Светлана Жолманованың 10 жылға сотталғанын жазған едік.

Comments