Пәкістан билігі Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

984
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SCXEUpu8VVBbXtrQBpdf8f76dyhJAlbhB6vFdGTW.jpg

Пәкістан билігі АҚШ президенті Дональд Трампты Үндістанмен арадағы қақтығысты реттеудегі делдалдық қызметі үшін 2026 жылғы Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Исламабадтың мәлімдеуінше, дәл Трамптың араласуы екі ядролық держава арасындағы шиеленісті бәсеңдетуге және аймақтағы тұрақтылықты сақтауға ықпал еткен.

«Дональд Трамп стратегиялық көрегендік пен дипломатиялық даналық танытып, Исламабадпен де, Нью-Делимен де байланыс орната білді», – делінген Пәкістан үкіметінің Х (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Айта кетейік, Трамп бұған дейін де Нобель сыйлығына ұсынылған. 2021 жылы ол соңғы 30 жылда жаңа соғыс бастамаған алғашқы АҚШ президенті ретінде кандидаттар қатарына енген еді.

АҚШ президенті бұл ұсынысқа қатысты Truth Social платформасында пікір білдірді.

«Мен бұл сыйлыққа әбден лайықпын, бірақ оны ешқашан алмайтынымды білемін», – деп жазды.

Comments