Feedback
+7 707 676 6977
adyrnaportal@gmail.com

Еліміздегі ең жас және ең кәрі әкім кім?

2502
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/org-pohor-agent.jpg
Қазақстандағы облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орташа жасы белгілі болды. Ranking.kz компаниясы әкімдердің жасы мен қызмет өткеру мерзіміне қатысты зерттеу жұмысын жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Биыл 21 шілдедегі жағдай бойынша, еліміздегі әкімдердің орташа жасы 52,2 жасты құрады.
  • Еліміздегі ең жасы үлкен әкім – Шығыс Қазақстан облысын басқаратын Даниал Ахметов. Әкім 68,1 жаста. Одан кейінгі орындарда жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (59,6 жас) және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58,7 жас) тұр.
  • Ал еліміздегі ең жас әкім – Республикалық маңызы бар Шымкент қаласын басқаратын Мұрат Әйтенов. Әкім 40,7 жаста.  Сондай-ақ жастар арасында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43 жас) пен елорда әкімі Алтай Көлгінов (44,5 жас) бар.
Еліміздің ең жас әкімі Мұрат Әйтенов 38 жасында қызметке кірісіп,  Шымкент қаласын басқарғанына 2,5 жыл болды. Даниал Ахметов 60 жасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып, өңірді басқарып отырған отырғанына 7,7 жыл толды (ең ұзақ мерзім).

"Адырна" ұлттық порталы

 
 
Comments
Other materials