Франция суды пайдалануға шектеу қойды

3339
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/be5afd80-d88d-4b92-aa2c-bf9c08e7b7c7.jpeg
Франция билігі ыстық пен құрғақшылыққа байланысты 88 департаментке суды пайдалануға шектеу қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Су тапшылығы Пеи-де-ла-Луара және Пуату-Шарант аймақтарында қатты байқалады. Оған бірнеше апта бойы сақталатын қалыптан тыс ыстық ауа райы мен қыста жауын-шашынның аз жаууы себеп болды. Енгізілген шектеулерге сәйкес, зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына күндізгі уақытта бақшаны суаруға тыйым салынды.
Comments