"Адырна" ұлттық порталына Президент атынан алғыс хат табысталды

3149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/toқaev-960x500.jpg?token=bb31aa2d9cf74432cd602cc30257dcb3
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін гранттармен және алғыс хаттармен марапаттады. Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.  Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары: Абибуллаев Дулат Орынбасарұлына – «Qazaq radiosy» радиостанциясының бас редакторына, ұлттық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін; Көпжасарұлы Ерқанатқа – «31 арна» телерадиокомпаниясының тілшісіне, отандық тележурналистиканы дамытуға үлес қосқаны үшін; Мягких Оксана Вячеславовнаға – «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторына, Қазақстанның өңірлік саясатын ақпараттық тұрғыдан тиімді сүйемелдеуге үлес қосқаны үшін; Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлына – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына үлес қосқаны үшін берілсін; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары: Байтарова Сәния Бақытқызына – «Жетісу» телеарнасының редакторына, өңірлік журналистиканы дамытуға үлес қосқаны үшін; Байтибаев Диаскен Үсенғалиұлына – «Almaty» телерадиокомпаниясының арнайы техника операторына, еліміздің телевизиясын дамытуға үлес қосқаны үшін; Бірімжанов Әнуарбек Жәлелұлына – «Хабар 24» телеарнасының жүргізушісіне, Мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін; Жолмұхаметова Жадыра Ерболқызына – «Baigenews.kz» ақпарат агенттігінің тілшісіне, интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін дамытуға үлес қосқаны үшін тапсырылсын; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы: «Adyrna» ұлттық порталының шығармашылық ұжымына – Қазақстанның дамуының өзекті мәселелерін қамтыған ақпараттық-талдамалық қызметі үшін; «Ashyq alań» қоғамдық-саяси ток-шоуының шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін; «Astana» радиосының шығармашылық ұжымына – отандық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін; «Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға үлес қосқаны үшін жариялансын.
Comments
Other materials