Зейнет жасын қысқарту мәселесі әлі талқыланып жатыр — Вице-премьер

2261
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/c765214b-0a0b-4e87-9205-0596b915ae3a-960x500.jpeg?token=6a6b74de8372c17e49e58c3979170cd3
Вице-премьер Ералы Тоғжанов зейнет жасын қысқарту мәселесі әлі де талқыланып жатқанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.
"Мәселе талқыланып жатыр, мен бұл туралы айттым", – деп жауап берді Ералы Тоғжанов үкімет отырысында.
Вице-премьер жыл соңына дейін Әлеуметтік кодекс қабылданып, оның аясында зейнет жасын қысқарту мәселесі қаралатынын атап өтті. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 60 жас алты айға дейін ұлғайды. Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2018 жылдан бастап көтерілді. Демек, 2027 жылға қарай ол ерлердегідей 63 жасқа жетуі керек.
 

"Адырна" ұлттық порталы                                        

Comments