Америкалық Rocket зымыраны апатқа ұшырады

2616
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/1fa96ce2-703b-455c-a59b-21606fb9a7c8.jpeg
Astra Rocket зымыран тасымалдағышының Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағында (Флорида, АҚШ) іске қосылуы сәтсіз аяқталды. Аталған зымыран SLC-46 ұшыру алаңында 2022 жылдың 12 маусымында Нұр-Сұлтан уақытымен 23 сағат 43 минутта ұшырылып, тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Бірақ ұшыру басталғаннан кейін 7 минут 22 секундта екінші сатыдағы қозғалтқыш жоспарланған мерзімнен 70 секунд бұрын ажыратылған. Салдарынан зымыран спутниктерді орбитаға шығара алмады.
Comments