Референдум: 7 624 641 адам дауыс беріп үлгерді

7817
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/32824c39-7eeb-434c-93f7-b9ff2a0acf73-960x500.jpeg?token=0d0a0ff21f088af2ebd232d1439d53e5
Республика бойынша сағат 18:00-дегі жағдайға сәйкес референдумға қатысу құқығы бар 7 млн 624 мың 641 азамат дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Жалпы республика бойынша 7 млн 624 мың 641 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 65,4% құрады», - деді Шавкат Өтемісов.
Айта кетейік, референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған. Республика бойынша бас-аяғы 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.

”Адырна” ұлттық порталы

Comments