Той қарсаңында қалыңдықтың көзі көрмей қалды

3234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/32563.700x466.1582821135.jpg

Австралияның Перт қаласында тұратын қалыңдық үйлену тойына аз уақыт қалғанда косметологтың қателігінен көзі көрмей қалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Stan.kz"-ке сілтеме жасап.

30 жастағы Тамика Клегетт үйлену тойына дайындала бастағанын және қасын қарындашпен түзетіп, бояу үшін жаңа косметологқа жазылған. Сөйтіп жүргенде шебер қалыңдықтың өтінішінсіз-ақ, оның қасын бояумен бояғаны белгілі болған.
Бір қарағанда зиянсыз қателік Клегетт үшін нағыз қорқынышқа айналды. Процедурадан кейін бірнеше сағаттан соң әйелдің қабақтары бояуға аллергия беріп ісіне бастаған. Көп ұзамай ісінудің салдарынан көзі жабылып, шыдатпай ашыған. Қорыққан австралиялық ауруханаға барған. Онда оған аллергиялық реакция өткенше күтуге кеңес беріпті.

"Адырна" ұлттық порталы.

Comments