Президент референдум өткізуді ұсынды

3453
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/3702347.jpg
ҚХА отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды.  "Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын", - деді Тоқаев. Қазақстанда жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді. Екеуі де 1995 жылы. Сәуірде халық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартты, ал тамызда жаңа Конституцияны қолдады.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments