Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды

3160
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/a75cb001-fb8f-4bd9-b3e1-ce5a97228b11.jpeg
Қазақстандық балуан Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҰОК-ке сілтеме жасап.  68 келіде белдескен Мадина Бақбергенова финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері Мейірім Жұманазарованы жеңді. Финалда Мадина 2:1 есебімен жеңіліп тұрып, белдесу соңына қарай ұтымды әдіс жасап, есепті алға жылжытты. Нәтижесінде, белдесу соңында отандасымыз қарсыласынан 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды. Айта кетейік, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр.

Адырна” ұлттық порталы

Comments