Ресей Орталық банкінің басшысы Эльвира Набиуллина отставкаға кете алмады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Владимир Путин Украинаға басып кіру туралы бұйрық бергеннен кейін, Эльвира Набиуллина отставкаға кетті. Алайда Путин оның отставкасын қабылдамады. Bloomberg мәліметінше, оның кетуі сатқындық ретінде қабылдануы мүмкін.
Эльвира Набиуллина 58 жаста. 2013 жылдан бері Ресей Федерациясының Орталық банкін басқарады.
Бұған дейін Ресейден келген ресми мәлімет бойынша, Анатолий Чубайс Ресей Федерациясынан кеткен. Ол тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі арнайы өкілі болуды тоқтатты.
“Адырна” ұлттық порталы
Related news
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts
