ТМД елдерін басып озып, Қазақстан дүниежүзіндегі ең бақытты елдер рейтингінде 40-орынға шықты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы World Happiness Report-ке сілтеп.
Рейтинг нәтижесі, 2019 жылдан 2021 жылға дейін жүргізілген сауалнаманың орташа нәтижесі арқылы анықталған. Бақыт туралы сауалнамаға дүниежүзінің 9 миллионнан аса тұрғыны қатысты.
Финляндия бесінші жыл қатарынан ең бақытты ел атанып отыр. Үздік ондықта: Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия.
“Адырна” ұлттық порталы
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
"Historical result": Kazakhstan's young tennis players placed in the top four at the World Championship
