Әкесінен ұлына: Түркіменстанда жаңа президент

3178
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/izobrazhenie_2022-03-15_133753.png
Түркіменстанның бұрынғы басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы Сердар президент сайлауында 72,97 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
«Түркіменстан Сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімі негізінде 72,97 пайыз дауыс алған Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов Түркіменстанның сайланған президенті болып танылды», - делінген орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесінде.
Comments