14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру тәртібі өзгермек

2949
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/top-5.jpg
14 наурыздан бастап eGov.kz порталының пайдаланушылары үшін логин/пароль және бір реттік СМС арқылы кіру жеке-жеке қол жетімсіз болады, деп хабарлады порталдың Telegram-каналы. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.  eGov.kz порталына кіру үшін пайдаланушылар: • логин / ЖСН енгізу; • құпиясөзді енгізу; • мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі.
«Электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), биометрия және eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы кіру аутентификация әдістері өзгеріссіз қалады. 2FA немесе екі факторлы аутентификация – бұл пайдаланушыны идентификациялау әдісі. Бұл әдіс арқылы сіз өзіңіздің аккаунтыңыздың иесі екеніңізді екі түрлі жолмен растауыңыз керек. Оның көмегімен сіздің деректеріңізге үшінші тұлғаларға қол жеткізу әлдеқайда қиын», – делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments