Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин 4 наурызда Украина президенті Владимир Зеленскийдің Украинадан кеткенін хабарлады.
"Жоғарғы Раданың депутаттары Львовта оған жете алмағандарын айтты. Қазір ол Польшада", - деп жазды саясаткер Telegram-каналында.
Бұған дейін Германия үкіметі Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін хабарлаған.
"Оған қауіп төніп тұрған жоқ деп айту аңғалдық болар еді. Бірақ ол батыл адам. Біздің мәлімет бойынша, ол Киевте", - деді Германия министрлер кабинетінің өкілі Штеффен Хебештрейт.
Ал АҚШ президенті Джо Байден Зеленский Украинада қалу-қалмауын өзі шешуі керек деді.
”Адырна” ұлттық порталы
Related news
It's been 2 years since the war in Ukraine. Armenia announced the suspension of its membership in the CSTO