Қазақстанда халықтың 26%-ы, ал Қырғызстанда 5%-ы екпе салдырған

3574
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/vakczina-kartinka-960x500.jpg?token=dc60b6c2741a3a88246f01688f61c49a
Бүгінгі күні Қазақстанда халықтың 26%-дан астамы коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алған. Моңғолия болса халқының 64%-ына вакцина салдырған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "centralasia.media-ға" сілтеме жасап. AKIpress Орталық Азияның 6 елінде коронавирусқа қарсы вакциналау жағдайы қандай екендігін зерттеген. Мәселен, Монғолияда 3,3 млн тұрғынның 64,3 % екпе алса, мұнда ауырғандардың саны — 153 782 адам. 1-кезеңде 2 124 499, 2-кезеңде 1 900 170 тұрғын екпе салдырған. Қазақстанда 18,8 млн тұрғынның 26 % екпе алса, мұнда ауырғандардың саны — 516 117 адам. 1-кезеңде 5 054 970, 2-кезеңде 3 075 907 тұрғын екпе салдырған. Өзбекстанда 34 млн тұрғынның 11 % екпе алса, мұнда ауырғандардың саны — 122 048 адам. 1-кезеңде 3 779 709, 2-кезеңде 1 572 483, 3-кезеңде 392 938 адам  екпе салдырған. Қырғызстанда 6,4 млн адамның 4,9 % вакцина салдырған. Бұл елде коронавирус жұқтырғандар саны — 155 005. Екпенің 1-компонентін 318 000, 2-компонентін 103 941 адам алған. Тәжікстанда 9,8 млн халықтың 4,3 % екпе салдырыпты. 14 359 адам індет жұқтырған. Екпенің 1-компонентін 421 832, 2-компонентін 20 190 адам алған. Ал Түрікменстандағы эпидемиологиялық ахуал әзірге белгісіз. Бұл мемлекетте 6,1 млн халық бар.

"Адырна" ұлттық порталы.

评论