Ақтөбе облысында автобус аударылып қалды

2929
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/zhol-apaty-960x500.jpg?token=a32f6bdd27479b8cbda95bc2ee1fbb44
Бүгін Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолының 916 шақырымында, яғни Бөгетсай ауылының маңында «Паз-32054» маркалы автобусының жүргізушісі жол ережесін бұзып, нәтижесінде автобус аударылған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі. Автобус жүргізушісі жолда көлік құралы тоқтағанға дейін жылдамдықты төмендетпей, көлікті басқара алмай, жүріп бара жатып оң жаққа аударылып түскен.
Автобус Ақтөбенің Ырғыз ауданы, Құрылыс ауылынан отбасылық іс-шарадан келе жатқан. Көлік ішінде 12 адам болған, оның үшеуі — балалар.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам «Қарабұтақ» трассалық медициналық-құтқару пунктіне көмекке жүгінді, оның ішінде жарақат алған екі адам және сүйегі сынған бір жолаушы Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ақтөбе облысының полиция департаменті мәлімдеуінше, қазір жол оқиғасына қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы.

评论
其他材料