Қазақтың тұрмыстық бұйымдары

6184
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2017/10/D4S_7900.jpg
2017 жылғы 19 қазанда Ұлттық музейдің Этнография залында Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақтың тұрмыстық бұйымдары» танымдық квест сабағы өтті. Сабаққа Астана қаласындағы №83 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушылары қатысып,тұрмыстық бұйымдар туралы жан-жақты ақпарат алды. Ата-бабаларымыздың тұрмысы мен дәстүрлі мәдениетіне, қазақ халқының сан ғасырлық тарихына куә болған қасиетті, киелі қара шаңырақ – киіз үй және оның ішкі-сыртқы жабдықтарымен танысып, арнайы берілген тапсырмалар арқылы ұлттық құндылықтарды тани түсті. D4S 7895 Сабақ барысында киіз үйдің ежелгі өмір сүрген көшпелі  халықтың қысы-жазы отыратын, өте қолайлы және төзімді, бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда  салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы жылжымалы тұрмыстық негізгі баспанасы болғандығы туралы кеңінен айтылды. Құнды мағлұматты қызыға тыңдаған оқушылар киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ-мекені болғанын ұғынып, сөзжұмбақ шешіп, түрлі сұрақтарға таласа жауап беріп, сабаққа белсене қатысты. D4S 7881

http://nationalmuseum.kz

评论