Қазақстанда АЭС салатын “Росатом” басшысы мәлімдеме жасады

1528
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_3507.jpeg

Қазақстандағы алғашқы АЭС салу бойынша халықаралық консорциумға Ресейлік «Росатом» корпорациясы жетекшілік етеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы корпорация басшысы Алексей Лихачевтің ресми мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, жобада жаңа буындағы ВВЭР-1200 реакторлары қолданылады. Бұл – «3+» буындағы, халықаралық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетін заманауи шешім. «Бұл реакторлар бүгінде Ресеймен қатар Беларусь, Венгрия, Түркия, Мысыр, Бангладеш пен Қытайда да қолданыста», – деді Лихачев. Сондай-ақ ол құрылыс барысында озық технологиялар мен халықаралық тәжірибе қолданылатынын атап өтті. «Росатом» түрлі елдердің жеткізушілерімен бірлесе жұмыс істеп, станцияны Қазақстан жағдайына сай бейімдеуді жоспарлап отыр. «Алда атқаратын жұмыс көп. Біз Ресей мен Қазақстан билігінің қолдауына үміт артамыз», – деді Алексей Лихачев.

评论