Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Лондонда алғаш рет фан-кездесу өткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Кездесу барысында әншінің кішкентай жанкүйері Кәусар Қараман Димаштан еліміздің болашағы мен ана тілі туралы ойын сұрады.
“Өткенге өкпе жоқ” дейді, келерге үмітпен, нық қадаммен, сіз және біз болып әрекет етуіміз керек. Еліміздің болашағы, еліміздің алдағы уақыттағы амандығы — біздің қолымызда. Көпке күйе жаққым келмейді, бірақ қазақ баласы есебінде өзімнің замандастарымның, қандастарымның, отандастарымның қазақша судай сайрап тұрғанына куәгер болғым келеді”, – деді әнші Димаш.
Сондай-ақ әнші жалғыз қалған сәттерде не туралы ойлайтынын да жасырмады.
“Өмірді, жұмысты, отбасымды, достарыммен қарым-қатынасты ойлаймын. Ешқандай ерекше ештеңе жоқ. Өткен өмірім мен болашағым жайлы толғанамын”, – деді ол.
其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз