Текелі қаласында 2 маусым күні Әуезов-Гагарин көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылып қалды. Бұл туралы полиция департаменті жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Желіде тараған бейнекадрларға қарағанда, жол-көлік оқиғасы кезінде жедел жәрдем көлігінің жарық дабыл шамдары қосулы болған.
Оқыс оқиға кеше түнде болған. Жеңіл көлікпен соқтығысқан жедел жәрдем аударылып, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізіліпті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, бір азаматқа алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылған, ал тағы 3 адам хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Ал жол апаты кезінде жедел жәрдем көлігінің ішінде ес-түссіз жатқан 87 жастағы әйел адам қаза болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалды.
«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз