Бір адам қаза тапты. Текеліде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

1874
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/img_8229-960x500.jpeg?token=dd4591e1fc03e06ce9c3ab404594c9ca
Текелі қаласында 2 маусым күні Әуезов-Гагарин көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылып қалды. Бұл туралы полиция департаменті жазды, деп хабарлайды “Адырна”.  Желіде тараған бейнекадрларға қарағанда, жол-көлік оқиғасы кезінде жедел жәрдем көлігінің жарық дабыл шамдары қосулы болған. Оқыс оқиға кеше түнде болған. Жеңіл көлікпен соқтығысқан жедел жәрдем аударылып, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізіліпті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, бір азаматқа алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылған, ал тағы 3 адам хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Ал жол апаты кезінде жедел жәрдем көлігінің ішінде ес-түссіз жатқан 87 жастағы әйел адам қаза болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалды. «Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Yorumlar
Diğer Haberler