"Ұлттық алауыздықты қоздырды" деген айыппен сотталған блогер-белсенді Марғұлан Боранбай босап шықты. Бұл туралы депутат Ермұрат Бәпи Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
“Елдің егемендігіне, хазақтың намысына араша түсем деп, сотты болған Марғұлан бауыр Боранбай төрт жылдан соң түрмеден шығып, ағасына амандасуға келіпті. Өткен күзде Серікжан екеуіміз колонияға, Марғұлан марқасқаға барғанымызда: "УДО"-ға шығуға көмектесейік..." деп едік.
"Ешкімнен кешірім сұрайтындай кінәм жоқ, отсижу от звонка до звонка" деген-ді сонда қазақтың намысын шовенист-ватниктерден қорғаймын деп, нақақ жаламен абақтыға қамалған мінезді Марғұлан.
"Қазақтың нағыз ұлтшыл патриоты кім?" деп, әлдекім сұрай қалса, ойланбастан осы оғыланды атаңыздар! Ешқашан қателеспейсіз, Марғұлан сізді қателестірмейді! Кәміл сенем! Аман бол, алтын бауырым”, деп жазды депутат.
Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «AMANAT» партиясы республикалық сайлауалды штабының жұмысымен танысты