Қазақ сарбаздары халықаралық әскери сайыста рекорд орнатты

1907
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/kkkkk-960x500.jpg?token=84f3cf77624d0e8a21b08f1bfe14a01f
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері АҚШ-тың Аризона штатындағы Кемп Навахо әскери базасында өтіп жатқан «Best Warrior – 2025» халықаралық әскери сайысында ел намысын қорғады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Қарулы күштеріне сілтеп. Байқауға елімізден қатысып жатқан — 54835 әскери бөлімінің 3-сыныпты сержанты Аслан Дархан мен 18404 бөлімінің гвардия сержанты Рауан Тоқтарбеков. Екеуі де бұған дейін кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, жүлделі орындарды иеленген тәжірибелі жауынгерлер. 18 мамырға дейін жалғасатын сайысқа АҚШ-тың 7 штаты, сондай-ақ Фиджи, Гуам, Тонга мен Филиппиннен келген үздік сарбаздар қатысуда. Аризона Ұлттық гвардиясы ұйымдастыратын байқауда қатысушылар армиялық фитнестен бастап, тактикалық медицинаға дейінгі 10 түрлі күрделі сынақтан өтеді. Олардың қатарында түнгі күзет, жергілікті жерді бағдарлау, М-240В пулеметінен ату және 22 шақырымдық әскери жорық бар. 3-сыныпты сержант Аслан Дарханның 800 метрлік жүгіру кезеңінде тіркеген 2 минут 5 секундтық көрсеткіші болды. Бұл нәтиже Аризона Ұлттық гвардиясы байқау тарихындағы рекорд ретінде тіркеліп, ерекше жетістік ретінде саналып отыр.
相关新闻

评论
相关新闻