Сара Назарбаеваның "қайтыс болғаны" туралы қайшылықты ақпарат тарады

1774
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_8877-960x500.jpeg?token=e47988512ae774e66281686fb0a0da0d
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева қайтыс болды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұрынғы Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаева қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деді Үкібай сәрсенбі күні.

Журналист Әсет Матаевтың сенімді дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеуінше де Сара Назарбаева тірі. «Сара Алпысқызы тірі. Оны Нұрсұлтан Назарбаев жиі барып көріп тұрады. Бұл – бірнеше сенімді дереккөзден алынған ақпарат», – деп жазды Матаев өзінің Telegram-арнасында. Матаевтың айтуынша Алматыдағы Совминка ауруханасының маңында күзет күшейтілген. Бұл шаралар бұған дейін БАҚ-та Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты жарияланған ақпараттармен байланысты қабылданған. Еске сала кетейік, 5 мамырда Сара Назарбаеваның жағдайы күрт нашарлағаны хабарланған еді.  
评论