20 жыл жыр болған Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысы басталды

1524
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-6-960x500.jpeg?token=aeceaebcdd2c9a16c275c1da81d842ef

Қырғызстанның Жалал-Абад қаласы маңында Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысы басталды. Бұл туралы 4 мамырда Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұзындығы 523 шақырым желіні салу жобасына дайындық 2022 жылы үш ел Қытайдың Қашғар ауданынан Өзбекстан шекарасына дейінгі бағытты келісіп, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге келіскен кезде басталған еді.  

Бастапқы кезеңде дизельдік тартқышты пайдалану жоспарлануда, кейін желі электрлендіріледі.

Қытай тарапының пікірінше, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы —Оңтүстік-Шығыс және Батыс Азия, Таяу Шығыс, Түркия мен Еуропалық Одақ нарықтарына жол ашатын «Белдеу және жол» (BRI) бастамасының маңызды жобасы. Оның бойымен тасымалданатын жүктің жылдық көлемі 15 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде.

Болашақта теміржол магистральы Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия мен Еуропа аймақтарына дейін ұзаруы мүмкін.

Еске салайық, желіні салу және қаржыландыру шарттары туралы келісімге үш елдің өкілу 2024 жылғы 6 маусымда Бейжіңде қол қойған еді.

Осылайша 27 жыл бойы кейінге шегеріліп келген теміржол жобасы шын мәнінде жүзеге асырыла бастады.

评论
其他材料