1 мамыр күні Алматы қаласының Жетісу ауданында «Қазақстандағы ең ұзын лағман» әзірлеу шарасы өтті. Шара барысында елдің жаңа рекорды тіркелді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, «Айнабұлақ» шағын ауданындағы № 4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел тарихындағы ең ұзын — 1704 метр болатын лағман дайындалды және бұл факт Қазақстанның Рекордтар кітабында ресми тіркелді. Жалпы 19 келі ұннан қамыр иленіп, 50-ден астам аспаз тағамды екі сағаттың ішінде дайындаған.
«Лағман қанша метр болса да, рекорд орнады, өйткені мұндай шара елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Біз оның ұзындығын ғана емес, ұлтаралық байланыстың беріктігін де байқадық»,- деп атап өтті Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Сәбитұлы.