250 млн теңге. «Ақтөбе» футбол клубында ақша жымқыру фактісі анықталды

1600
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/033d2d16-024b-434e-be36-c9a93f040f63-960x500.jpeg?token=c60c928b99bbb60a60572ae50351d61d

Ақтөбе облысының прокуратурасы «Ақтөбе» футбол клубында ірі көлемдегі қаржылық заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша жүргізілген тексеріс барысында 250 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырылғаны белгілі болды.

«Анықталған заңбұзушылықтар арасында – ойыншыларды трансферлеуге және әуе сапарларын ұйымдастыруға қатысты күмәнді келісімшарттар бар. Сонымен қатар, футболшыларды тамақтандыруға арналған қаражат клуб әкімшілігінің жеке қажетіне жұмсалған», – деп мәлімдеді ведомстводан.

Тексеріс қорытындысы бойынша аса ірі көлемде қаржы жымқыру, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және алаяқтық баптары бойынша үш қылмыстық іс қозғалды.

Материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданды. Тергеу барысы облыс прокурорының бақылауында.

评论