Нью-Йорк билігі қала маңындағы орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Bild басылымына сілтеме жасап.
Лонг-Айленд аралында қатты орман өрттері басталып, Нью-Йорктың элиталық аудандарына қауіп төндірді.
Бұл аудандарда Стивен Спилберг, Алекс Болдуин және Дженнифер Лопес сияқты танымал тұлғалар тұрады.
Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул төтенше жағдай жариялап, жағдайдың одан әрі ушығуы мүмкін екенін ескертті.
АҚШ-тың ұлттық гвардиясы өртті сөндіру үшін төрт Blackhawk тікұшағын жұмылдырды. Нью-Йорк штатындағы кейбір жолдар өртке байланысты жабылып, тұрғындар эвакуациялануда.
Өрттің нақты себептері әлі белгісіз. Дегенмен жергілікті тұрғындар от тұтануына көлік апаты себеп болуы мүмкін екенін айтады.
其他材料

Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз