Қазақстандық әлемдегі ең ірі мұнай компаниясында лауазымды қызметке ие болды

1599
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/photo-output-15.jpeg

Нұрлан Мұратов ExxonMobil компаниясының Қазақстан бойынша басқарушы директорының орынбасары - Теңіз жобасындағы ExxonMobil үлесін басқару жөніндегі менеджер болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 10 ақпанда Petrocouncil жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз Остиндегі Техас университетін 1997 жылы аяқтап, геология бакалавры дәрежесін алып шыққан. Кейін дәл осы оқу орнында білімін жалғастырып, энергетика және табиғи ресурстарды басқару магистрі атанған.

Нұрлан Мұратов ExxonMobil компаниясындағы еңбек жолын АҚШ-тың Хьюстон қаласында геолог ретінде бастаған. Ол 2002 жылдан 2012 жылға дейін геолог, аға геолог, техникалық топ жетекшісі және АҚШ пен Ұлыбританияда геология бойынша кеңесші болып жұмыс істеген.

2014 жылдан 2019 жылға дейін ExxonMobil компаниясынан NCOC-қа Геология бөлімінің басшысы ретінде жіберілген. Ал 2019 жылдан 2021 жылға дейін ExxonMobil компаниясынан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға Үздіксіз жетілдіру кеңсесінің директоры ретінде тағындалған.

2021 жылдан 2025 жылға дейін «КТК» АҚ-да ExxonMobil үлесін басқару жөніндегі менеджер болды.

Айта кетейік, «Exxon Mobil Corporation» - әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі. Штаб-пәтері Ирвинг қаласында орналасқан. Қазақстандағы қызметі 1993 жылы басталды.

评论
其他材料