АИ-92 бензинінің бағасы 210 теңгеге дейін өсуі мүмкін

1208
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/basty-foto-960x500.jpg?token=24bf17b7f5061a3f420d942237f9b8c9
Қазақстанда АИ-92 маркалы бензинінің бағасы 210 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, алғашқы өсім 5 теңгеден аспайды. «Біз осы көрсеткішті нарық қатысушылары үшін индикатор ретінде қарастырамыз. Егер бағаның күрт өскенін байқасақ, жедел әрекет етеміз. Жалпы, 210 теңгеге дейін көтерілуі ықтимал», – деді Сәтқалиев брифингте. Ол бензин бағасының 400 теңгеге дейін өсетіні туралы болжамдардың шындыққа жанаспайтынын атап өтті. «Бұл – негізсіз сценарий. Мұндай қымбаттауға жол бермейміз», – деді министр. Сонымен қатар, ол АИ-95 маркалы бензинінің бағасы реттелмейтінін және тіпті арзандауы мүмкін екенін айтты.
评论