Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан регби федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
2025 жылдың 25 қаңтарында "QAZAQSTAN RUGBY" заңды тұлғалар бірлестігінің кезектен тыс жалпы жиналысында Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев федерацияның жаңа басшысы ретінде бірауыздан сайланды.
Федерация жаңа басшының жетекшілігімен келесі бағыттарға баса назар аударылатыны хабарланған:
- Республика бойынша балалар мен жасөспірімдер секцияларының қолжетімділігін арттыру;
- Халықаралық аренада жетістіктерге жеткен әйелдер құрамасын қолдау;
- Мамандандырылған инфрақұрылымды салу және жаңғырту;
- Әлеуметтік желілер, медиа жобалар мен спорттық іс-шаралар арқылы регбиді белсенді түрде насихаттау.