Марқұм Шерзаттың әкесін полиция ұстап әкетті

6713
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/f97c3feb-0fa7-414a-9c21-f0689a4b46a6.jpeg
Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Полиция мәліметінше, бүгін сағат 15:30-да Азат ауылында жерлеу рәсімі кезінде қоғамдық тәртіпті бұзатын жағдай орын алды. "Қаржаубай Нұрымов прокурордың заңды сақтау туралы түсіндірмелерін елемеді. Шектен тыс агрессивті мінез-құлық танытып, басқаларды өз-өзіне қол жұмсаймын деп қорқытты. Сонымен қатар полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, басқаларға да қауіп төндірді", - делінген хабарламада.  Осылайша полиция қызметкерлері Қаржаубайды айналасындағылардың өміріне зиян келтіреді деп ұстап әкетіпті. Ол қазір полиция бөлімінде екен. Онымен психологтар жұмыс істейді, дейді.
评论