Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Полиция мәліметінше, бүгін сағат 15:30-да Азат ауылында жерлеу рәсімі кезінде қоғамдық тәртіпті бұзатын жағдай орын алды.
"Қаржаубай Нұрымов прокурордың заңды сақтау туралы түсіндірмелерін елемеді. Шектен тыс агрессивті мінез-құлық танытып, басқаларды өз-өзіне қол жұмсаймын деп қорқытты. Сонымен қатар полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, басқаларға да қауіп төндірді", - делінген хабарламада.
Осылайша полиция қызметкерлері Қаржаубайды айналасындағылардың өміріне зиян келтіреді деп ұстап әкетіпті. Ол қазір полиция бөлімінде екен. Онымен психологтар жұмыс істейді, дейді.
Diğer Haberler
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз