Тегеран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады

1187
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/15b321d5-dfa7-4b71-b551-7b9f0ca17bfe-960x500.jpeg?token=76be6b80a2c7d74865e2ec9fb6534a29
Тегеран Израильдің Иранға зымыран шабуылына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Иран Ислам Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасынан бұл өрескел заң бұзушылықтар мен заңсыз әрекеттерді қарастыру және осы қылмыстық режимді жауапқа тарту үшін шұғыл отырыс өткізуді сұрайды», - делінген Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Ираванидің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы және БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррештің атына жазған хатында.
26 қазанға қараған түні Израиль қорғаныс Армиясы (IDF) 1 қазанда еврей мемлекетіне жаппай шабуылға жауап ретінде Ирандағы әскери нысандарға соққы берді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль Иранға шабуыл жасаған кезде F-35 жойғышын қосқанда 100-ден астам ұшақты жұмылдырған. Кейінірек Израиль Иранға шабуыл жасау туралы ресми мәлімдеме жасады. IDF мәлімдемесіне сәйкес, израильдіктер миссияны орындалды деп санайды. Тегеран өз кезегінде иран территориясына соққы бергеннен кейін жауап беру құқығын пайдаланатынын мәлімдеді.
评论
其他材料