Үлкен Алматы өзенінде су ағыны артты

2573
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/whatsapp-image-2024-08-20-at-09.30.35.jpeg
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мамандары Үлкен Алматы өзенінде су ағыны артып, үлкен толқындар пайда болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп. 18 тамыз күні Алматы өзендерінде су ағыны артқан. Себебі бірнеше күн бойы ауа райы бұзылып, тауда жаңбыр жауған. «Қазір тауларда жауын-шашын тоқтады, өзендердегі су ағыны азая бастады», - деп хабарлады "Қазселденқорғау" мекемесі. Бұл ретте Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тауларда әлі де сел қаупі жоғары екенін айтып, ескерту жасады.
评论