Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мамандары Үлкен Алматы өзенінде су ағыны артып, үлкен толқындар пайда болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
18 тамыз күні Алматы өзендерінде су ағыны артқан. Себебі бірнеше күн бойы ауа райы бұзылып, тауда жаңбыр жауған.
«Қазір тауларда жауын-шашын тоқтады, өзендердегі су ағыны азая бастады», - деп хабарлады "Қазселденқорғау" мекемесі.
Бұл ретте Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тауларда әлі де сел қаупі жоғары екенін айтып, ескерту жасады.
Diğer Haberler
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз