Елімізде интернет сапасына шағымданушылар көбейген

2965
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/10a75bb3-8893-4b64-a72c-5d38f378be34-960x500.jpeg?token=b1e6f343b46071678af52573f2d69ce0
Үкімет басшысы ел тұрғындарының интернет жылдамдығына шағымданушылардың көбейгенін айтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Олжас Бектенов жауаптыларға интернет жылдамдығын арттыруды тапсырды.
"Бұл ретте премьер-министр халықтың интернет пен ұялы байланыс сапасына қатысты шағымдарына назар аударды. Тек былтырдың өзінде байланыс сапасына шамамен 21 мың шағым келіп түсіп, биыл 5 айда мұндай шағымдар саны 11 мыңға жуықтаған", - делінген хабарламада.
Премьердің пікірінше, интернет мәселесі тек шалғай елді мекендерде ғана емес. Қалаларда да мобильді байланыс пен интернет сигналының көңілден шықпауы байқалуда. Премьер-министр отырыста бұл мәселені жедел шешуді және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңартуды тапсырған.
评论