Ойнап жүргенде. 13 жастағы жеткіншекті белгісіз біреу атып кеткен

4942
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Алматы облысында 13 жастағы баланы ойнап жүрген кезінде атып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп. Оқиға 16 сәуірде болған. Құзырлы органның дерегінше, 13 жасар бала оқ тиген уақытта  үйінің жанындағы көл жағасында ойнап жүрген. Алматы облыстық ауруханасына оқ жарақатымен түскен жеткіншектің өмірін дәрігерлер арашалап қалды.
"Дәрігерлер балаға операция жасап, денеден оқты алып тастады. Оқ оң жақтағы кеуде қуысы арқылы өтіп, өкпенің тіндерін зақымдап, иық пышағының төменгі полюсінің проекциясында қабырға аралыққа жабысып қалған. Нақты және жедел әрекет еткен дәрігерлердің арқасында кішкентай баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның Іле ауданында болғанын хабарлады.
"Оқтың пневматикалық қарудан атылғаны анықталды. Барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу жалғасуда", – делінген хабарламада.
评论