"Диспетчер мас болған". Ресейде автобус пен пойыз апатқа ұшырады

6324
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/resejde-apat.jpg
Ресейде автобус пен пойыз соғысып, жеті адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ria.ru-ға сілтеме жасап. Оқиға Ресейдің Ярослав облысында болған. Агенттіктің мәліметінше жеті адам көз жұмған. Қазіргі кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері, дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатқаны хабарланды. БАҚ-та рейстік автобус пен экспресс пойыз соғысқаны айтылуда.
"Пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан жеті адам қаза тапқан Переславль-Залесский маңындағы өткелдің диспетчері мас болған", -  деп хабарлады Ярославль облысының губернаторы Михаил Евраев.
Оқиға салдарынан жеті адам қаза тапқан. Қазір қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
评论
其他材料