Қазақстанда қызылшадан 2 бала қайтыс болды - министрлік

3354
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/1d4ff2c8-3363-4ef0-bfd0-852aea552537-960x500.jpeg?token=6ba9f2d40c12b74c30bea53f9559b124
Қазақстан қызылшадан 2 бала қайтыс болды. Тағы 15 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл жөнінде денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  «Өлімге әкелген 2 жағдай Астана және Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Олар бір жасқа дейінгі балалар, яғни вакцинация жасына жеткен жоқ. Балалардың бірі мерзімінен бұрын дүниеге келген, оған кейін қызылша қосылды», - деді Есмағамбетова. Сондай-ақ, елімізде 100 мың адамға 69 ауру жағдайы тіркелген. Жыл басынан бері 13 254 адам қызылша жұқтырған болса, оның 81 пайызы кәмелетке толмаған балалар. Сондай-ақ, қызылшаның таралуы туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) дайындаған рейтиңде Қазақстан Йемен мен 1,4 млрд халқы бар Үндістаннан кейін үшінші орында.
评论